Астана қ., Қабанбай Батыр даң., 47




 Оқиға, дерек, жаңалықтар  
 
26.07.2008/ Ақтөбеде аймақтың көліктік саласын дамыту мәселелері талқыланды
2008 жылғы 26 шілдеде ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласына болды. Сапар барысында облыс басшылары және Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен мәжіліс болып өтті. Облыс әкімі Елеусін Сағындықов кіріспе сөзбен ашқан отырыста Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Мұхит Қубаев, Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары баяндама жасады
22.07.2008/ Еліміздің автомобиль жолдарының жай-күйі және даму перспективасы жөнінде
2008 жылғы 22 шілдеде ҚР Үкіметінің отырысында Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов еліміздің автомобиль жолдарының жай-күйі және даму перспективасы жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, соңғы 7 жылдың ішінде жергілікті жүйені қосқанда, саланың дамуына барлығы 420 млрд. теңге бөлініп, 22 мың км жолда қайта салу және жөндеу жұмыстары жүргізілген. Осының нәтижесінде жолдардың жағдайы біраз жақсарған. 2008 жылдың басында жалпы қолданыстағы 93 мың км жолдың 52 мың км немесе 55 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда
21.07.2008/ Көлік және коммуникация министрлігі: заңнаманы сақтау мәселесі жөніндегі көліктік бақылау қызметкерлерінің семинары
таяуда әкімшілік қағаздарды жүргізу кезіндегі әкімшілік заңнама нормалары, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің баптарын қолдану жөніндегі семинар болып өтті. Семинарға бас прокуратура, орталық өңірлік көлік прокуратурасының, Көліктік бақылау комитетінің қызметкерлері қатысты
02.07.2008/ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2008 жылғы 2 шілдеде ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде Астана қаласының 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыс болып өтті. ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, еліміздің көлік-коммуникациялық кешенінің және Министрліктің еңбегі еленген бірқатар қызметкерлеріне «Астананың 10 жылдығы» атты мерейтойлық медаль табыс етілді
12.06.2008/ VII «ТРАНСЕУРАЗИЯ-2008» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТРАНЗИТ – ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» 24-25 қыркүйек 2008 ж. Астана - Қазақстан
«ТРАНСЕУРАЗИЯ-2008» халықаралық конференциясы Еуропа контингентінің көлік-коммуникация кешенін дамытуға арналған, Еуропа мен Азия елдері арасындағы көлік саласы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты бекітуге, олардың көлік саясатын үйлестіруге бағытталған ауқымды іс-шара
20.05.2008/ Назарда – навигацияның ашылуы
Биылғы жылғы навигация алдын ала бекітілген навигациялық құрал-жабдықтарды орналастыру және қызмет көрсету кестесіне сәйкес жүргізілді.
19.05.2008/ ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің концессиялық жобалары:
Қорғас – Жетіген жаңа темір жол желісін салу жобасының мақсаты – Қытаймен шекарада екінші халықаралық шекаралық темір жол бекетін ашу арқылы темір жол саласындағы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. Жаңа темір жол желісінің ұзақтығы – 298,4 км, құны – 93 млрд. теңге.
07.04.2008/ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2008 жылғы 7 сәуірде ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде жауапты хатшы Әбілғазы Құсайыновтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Онда Құжаттық қамтамасыз ету мен ұйымдастыру-бақылау жұмысы Департаментінің директоры Қарлығаш Кәкен министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде қазақ тілінде іс жүргізудің бүгінгі жай-күйі туралы баяндама жасады.
27.03.2008/ Министр С.Ахметов Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Атырау облысында болды
2008 жылғы 27 наурызда ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов іс-сапармен Атырау облысына барды. Сапар барысында Министр облыс активімен кездесіп, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында жиналыс өткізді. Сонымен қатар, ҚР ККМ-нің облыстық аумақтық құрылымдық бөлімшелері жетекшілерінің қатысуымен салалық мәжіліс болып өтті.
18.03.2008/ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше-мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту мақсатында
2008 жылғы 18 наурызда ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Парламенті Сенатының алдында «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық жағынан қорғаштаудың бірыңғай жүйесін құру туралы Келісімді ратификациялау» туралы ҚР Заң жобасы бойынша баяндама жасады.
18.03.2008/ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Таяуда ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров Корей Халықаралық Құрылысшылары Ассоциациясының делегациясымен кездесті.
17.03.2008/ Темір жол саласын сауықтыру мақсатында тарифтерді көтеру жайында
2008 жылғы 17 наурызда ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің аппараттық мәжілісінде ҚР ККМ Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы Марат Оразбеков баяндама жасады. Өз баяндамасында ол темір жол саласында жүзеге асырылып жатқан тарифтік және инвестициялық саясат бойынша ақпарат берді.
28.02.2008/ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2008 жылғы 20 ақпаннан бері Қазақстан аумағында ақтүтек боран, жаңбыр аралас қар, ауа температурасының күрт өзгеруі сияқты ауа райы құбылыстарына байланысты республиканың біраз өңірлерінде автокөлік қозғалысына шектеу қойылды.
26.02.2008/ Шығыс Қазақстанның көліктік инфрақұрылымын дамыту мақсатында
2008 жылғы 26 ақпанда Астана қаласында «Окан Интерконтиненталь» қонақ үйінде «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының, Моңғолияның және Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарының көліктік инфрақұрылымын дамыту» тақырыбымен халықаралық форум болып өтті.
26.02.2008/ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ірі көлік жобасы Үкіметтің жіті бақылауында
2008 жылғы 26 ақпанда ҚР Көлік және коммуникация министрі С.Ахметов Үкімет отырысында халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізін дамыту мәселесі бойынша баяндама жасады.
22.02.2008/ Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көліктің жүруіне шектеу қойылды
Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты 2008 жылғы 21 ақпаннан бастап, ал кейбір аймақтарды 20 ақпаннан бері, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көліктің жүруіне шектеулер қойылды.
22.02.2008/ Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер теңіз тасымалы саласында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуда
2008 жылғы 16-19 ақпанда Тегеран қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (одан әрі - ЭЫҰ) елдерінің теңіз әкімшіліктері басшылығының 4-ші мәжілісі болып өтті. Оған ұйымға мүше 10 мемлекеттің (Иран, Пәкістан, Түркия, Ауғанстан, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан) өкілдері, сондай-ақ, Халықаралық теңіз ұйымы, БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі Конференциясының өкілдері, ЭЫҰ-ның Бас хатшылығы қатысты. Қазақстанның атынан мәжіліске ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, «Қазтеңізтранфлот» АҚ және «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-ның өкілдері қатысты.
12.02.2008/ Дамыған елдердің тәжірибесін қолдану мақсатында
2008 жылғы 4-8 ақпанда ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметовтің басшылығымен Қазақстан делегациясы Канадаға (Торонто қаласы) және Венгрияға (Будапешт қаласы) ресми сапармен барды. Сапар барысында Министр С.Ахметов Канаданың Көлік және инфрақұрылым министрі Л.Кэннонмен, Венгрияның Экономика және көлік министрінің орынбасары А.Гарамхедимен, сондай-ақ аймақтық ұшақтар өндірісінде концессиялық жобаларды жүзеге асыратын компаниялардың басшыларымен кездесті.
11.02.2008/ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2008 жылғы 8 ақпанда ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде вице-министр Дулат Көтербеков Француз Республикасының Көлік жөнінен мемлекеттік хатшысы Доминик Бюссеромен кездесті.
29.01.2008/ Темір жол саласын сауықтыруға бағытталған жаңа қадамдар
2008 жылғы 29 қаңтарда ҚР Үкіметі мәжілісінде темір жол көлігін дамыту мәселелері қаралды. мәжілісте ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті Жақсыбек Күлекеев, ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов және ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады.
в конец >>>

показано записей : 1- 20; 1045